Атом электр станциясын салуға қатысты Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында болашақта электр энергиясының тапшылығына ұрынбау үшін елімізге АЭС салу қажет екенін айтқан. Десе де соңғы шешімді жалпыұлттық референдум арқылы халықпен бірлесе қабылдау дұрыс деп атап өтті.
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері жұмысшылармен жолықты
813
оқылды
Жуырда ғана AMANAT партиясының ұйытқы болуымен Халықтық штаб құрылған еді. Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері  Алмасбек Есмаханов, Серік Дүйсебаев, Ибадулла Құттықожаев, Жорабек Нұрымбетов, Ержан Искендер, Ибрагим Басықараев референдумның маңызын түсіндіру мақсатында «Бастау» ЖШС  еңбек ұжымымен кездесті,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мекеме ұжымымен әңгіме барысында облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде  халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды. 
«Мемлекет басшысы халықтың мүддесін қозғайтын мәселелерді үнемі кеңесу арқылы шешіп келеді. Кешегі Жолдауында да елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы жүзеге асыру керектігін айтты. Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор»,-деді Алмасбек Есмаханов. 
Штаб мүшесі Жорабек Нұрымбетов Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанын, осы орайда энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер ететініне тоқталды. 
«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызы– қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Мәселен, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі өте жоғары,  екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр.  Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Бұл мәселелер болашақта бір жақты шешіледі деп сенеміз»,-деді Жорабек Нұрымбетов.
2007 жылдан өңірдегі ірі мұнай компанияларына көлік қызметін ұйымдастырып отырған «Бастау» мекемесі ұжымында  бүгінгі күні 248 азамат жұмыс атқарады. Референдум туралы мәліметтерге қанық жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Бастауыш партия ұйым өкілдері АЭС –тің маңыздылығын талқылады.
Өскемен қаласында «AMANAT» партиясының №1 бастауыш партия ұйымының өкілдері АЭС–тің маңыздылығын талқылады. Жиынға қатысқан сала мамандары атом электр станциясының еліміз үшін маңыздылығына тоқталып азаматтарға жан-жақты мәлімет берді. 
Виктор  Недовесов, Энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі:
«Жыл көлемінде еліміздің жер - жерінде АЭС-ті салуға қатысты түрлі қоғамдық тыңдаулар өткізіліп жұртшылықпен кең көлемде талқылау жұмыстары жүргізілді. Атом электр станциясын салудан қорқудың қажеті жоқ. Бұл дамыған мемлекеттерде бар тәжірибе. Еш жерде жоқ жаңалық емес. АЭС-на көшу  дамудың жаңа сатысына көтерілу. Ең бастысы құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізіліп, талапқа сай іске қосылса одан қауіптенуге негіз жоқ деуге болады. Атом электр станциясының экологиялық жағдайдың жақсаруына да тигізер әсері орасан зор»,-дейді. 
Атом электр станциясын салуға қатысты Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында болашақта электр энергиясының тапшылығына ұрынбау үшін елімізге АЭС салу қажет екендігін айтқан болатын.  Деседе соңғы шешімді жалпыұлттық референдум арқылы халықпен бірлесе қабылдау  дұрыс деп атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, біз болашақтағы электр энергиясының тапшылығын айтпағанда, еліміздің көптеген қалаларында экологиялық жағдайдың күрделеніп бара жатқандығы ешкімге жасырын емес. Сондықтанда біз АЭС салу арқылы тек электр энергиясына деген тапшылықты ғана емес, экологияның жақсаруына да қол жеткізетін боламыз. Сізбен біз соны жақсы түсінуіміз қажет»,-деді эксперт Елена Березинская-Абилова. 
Сала мамандары кездесуге қатысушыларға атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам екенін түсіндірді.