Көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр.
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты
1,960
оқылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық көкпаршылар Ресей командасын 18:2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды.

Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия.