2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Лаура Мерсалимова Әділет вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz
437
оқылды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Лаура Қанатқызы Мерсалимова Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.   

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР әділет вице-министрі (А. Қ. Мұқанова әлеуметтік демалыста болған кезде).

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.