Асхат Ниязовтың айтуынша, Алматы әкімдігінің күзетшісі "ғимарат маңында күдікті адамдар жүр" деп рапорт жазған.
Журналист Асхат Ниязов ұсталды: Алматы полициясы мән-жайды айтты
Фото: жеке мұрағатынан
6,631
оқылды

Алматы полициясы "Обожаю" YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асхат Ниязовтың айтуынша, Алматы әкімдігінің күзетшісі "ғимарат маңында күдікті адамдар жүр" деп рапорт жазған. Кейін полиция оны Бостандық ауданындағы бөлімшеге алып кеткен.

"Күдікті адамдардың мемлекеттік қорғауға алынған нысанды түсіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз. Жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін азаматтар Бостандық аудандық Полиция басқармасына шақырылды. Мән-жай анықталған соң олар босатылды", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Журналист қала күніне байланысты арнайы шығарылым дайындап жатқанын айтты.

"Олардың мені екі көлікпен, 6-7 полиция боп іздегені қатты таңғалдырды. Маған хабарласып, келуімді сұраса да өзім барар едім. Мен тек әкімді іздеп жүргенім туралы түсініктеме бердім", – деді Ниязов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.