Қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады, деп жазады Aikyn.kz.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.
Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.
«Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын», – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.