V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құсбегілік өнері бойынша сынға түскен атыраулық спортшы Арман Қошқаров дүбірлі додаға баптап жүрген екі бүркітін әкелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
"Финалда сәтті өнер көрсеттік. Қазақстандық құсбегілердің қай-қайсысы да жақсы нәтиже көрсетті. Финалға Нарын есімді құсыммен шықтым. Екінші құсым іріктеу турнирінен өтті, дегенмен, Нарынның жылдамдығы жоғары болды", – дейді құсбегі Арман Қошқаров.
Еске сала кетсек, құсбегілік өнер бойынша финалға 10 құс шықты. Қатысушылар арасында Қазақстан, Испания, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттер бар.
Баян Жанұзақова