XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстаның еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиға Жамбыл облысының жұртшылығы сый-құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық әкімдіктің мәліметі бойынша, параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері "Әулие-Ата" халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ "Тараз-Арена" спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Өңір басшысы жүзу шеберіне жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.
Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.