Елорданың тап іргесінде орналасса да қарапайым қажеттіліктерге қол жеткізе алмай жатқан ауылдар жетерлік. Әсіресе, аршалылық бір­неше ауылдағы ағайын басты байлық – денсаулық саласындағы келең­сіздіктерден әбден қажығанын айтады.
Айға жетпес Аршалы зары
417
оқылды

Ащы жанайқайын жергілікті құз­ырлы органдар­дан бастап министрлікке дейін талай мәрте хабардар еткені­мен ауылдардағы медициналық емдеу мекемелерінің сапасы сын көтер­­мейді. Жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жедел жәрдем көлігі жоққа тән. Салдарынан ауылдағы ақ халаттылар қабырғалары қақырап, төбе­лерінен су сорғалайтын тозған ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. Мұ­н­ы­мен қоса, тиісті құрылғылары жоқ ескі жедел жәрдем көлігі күнара бұзы­лып қалатынын айтады. Ал ауыл тұрғындары жекеменшік әрі жаб­­дық­талмаған жекеменшік көліктерді жалдап аудандық ауруханаға баруға мәжбүр.

Түйткілді мәселе Аршалы аудан­ы­на қарасты Константинов, Белоярка, Шортанды ауылдары­ның тұрғындарын аса қатты ал­аң­­датып отыр. Бүгінде 1500 ад­ам­­ға жуық халық түтін түтететін ауыл­дарда медициналық жағдай аса мүшкіл жағдайға жеткен. Бұл жолы жоғарыда ат­ал­ған ауылдар­да тұратын жұрт­шы­­лығы ауыл­дағы медицина са­ла­сындағы ха­лықтың шымбай­ы­на батқан ауыр жағдайды бүге-шігесіне дейін баян етті. 

Тұрғындардың айтуынша, үш бірд­ей ауылдағы қалың қауымға жалғыз жедел жәрдем көлігі жет­кіліксіз болып тұр. Әрі оның жүр­генінен сынып тұрғаны көп. Сал­дарынан, тұрғындар аудан орталығына үнемі науқастарды шырылдап жүріп, көлік іздеп оны жалдап жеткізетінін айтады. Мұ­ны­­мен қоса, халыққа ем-дом жас­ай­тын ақ халатты дәрігер­лердің де мардымсыз жалақыға жұмыс істеп жүргені айтылмай қалмады.

– Аршалы ауданына қарасты біздің Белоярка, Константинов, Шортанды ауылындағы жұртш­ылық ащы жанайқайымызды биліктің құлағына жеткізе алмай келеміз. Бізде үш ауылда тек бір ғана жабдықталмаған әрі тозығы жеткен жедел жәрдем көлігі бар. Үнемі бұзылып жөндеуде жатады. Оның өзін жергілікті шаруашы­лық серіктестік берген. Сондық­тан тұрғындар жеке жүргізуші­лерден аудан орталығына жет­кізіп тастауға, өтінуге мәжбүр. Ал оның өзі аз қаржы емес. Кім көр­ін­ген келісе де бермейді. Бізде ауылда балалар мен жасы жеткен зейнеткер адам көп. Мен өз ба­сым көп жағдайда науқас адам­­дар­ды көлігіммен тегін де, кейде жанармай үшін ғана қара­жат алып апарып келемін. Өйт­кені халықтың мұң-мұқтажын көріп, жеткізіп салмауға арым жібер­мейді. Ал ауруханаларда науқас­­тарды қабылдайтын мүлде жағдай жоқ. Тіпті, алғашқы жәрдем көр­се­тетін дәрі-дәрмек­тер де тапшы. Қалыпты жағдай­дағы медицина­лық тексерістен өту мүмкін емес. Ауруханалары­мыз­дың халі мүш­кіл. Констан­тинов ауылын­дағы аурухана ка­би­нет­терінің бәрінде қабырға­лар қақырап, төбелерінен су сорға­лай­ды. Еш­қандай жөндеу жұмыс­тары жүр­мейді. Дәрігерлер азған­тай жа­лақы алып, тіпті жылыну үшін жамылғыны (плед) өз қаржы­сы­на сатып алады. Өз­дері жуады. Тіпті, мұнда әжетхана да жоқ. Электр сымдары үнемі қысқа тұй­ық­­талып жатады. Жер­гілікті шаруа қожалығының басшысы Маленеченко үнемде­гіш фонарь сатып әперген. Дәрі­герлер еш кө­мек бере алмайды. Өйткені жедел жәрдем көлігінде еш жаб­дық жоқ. Біздің әкім де, депута­ты­­мыз да еш назар да салмай отыр. Ал үш бірдей ауылға басты қажеттілік үш бірдей меди­цина­лық ғимараттың жайы аса мүш­кіл, – дейді аршалылық тұр­ғын Ирина Аксенова. 

Тұрғындар егер бір медбике бір ауылға балаларға екпе салуға кетсе екі бірдей ауыл көліксіз қа­ла­тынын айтады. Мұнымен қоса, тұрғындар қарапайым ауруханағы қыз-келіншектердің мардымсыз төрт сағаттық жалақыға жұмыс іс­теп жүргенін айтады. Түйткілді мәселені алдымен Ақмола об­лыс­ы­ның Денсаулық сақтау бас­қармасынан анықтамақ болдық. Басқарманың баспасөз қызметі мәселені өздері де сол аудандық ауруханадан алатын болғандық­тан Аршалы аудандық аурухана бас­шылығынан сұрауымызды өтінді. 

– Толыққанды сұрақтарыңыз­ға жауап алу үшін аудандық ауру­хананың бас дәрігеріне хабарлас­қаныңыз жөн болар, – деді Ақ­­мола облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасының баспасөз хатшысы Камила Әбделманова. 

Содан мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Аршалы аудандық ауруханасының басшылығымен тілдестік. Аурухана басшысының айтуынша, жоғарыда аталған ауылдарға құрылғылары бар көлік берілмейді. Сондай-ақ әзір­ге күрделі жөндеу жұмыс­тар­ын жүргізу де жоспарға енгіз­іл­меген. Дегенмен ағымдағы жөн­деу жұмыстары жүргізіліп тұрады. 

– Қазір Константинов село­сында 939, Шортандыда 209, Белоярка селосында 217 адам тұр­ып жатыр. Көлік Константин­ов селосындағы дәрігерлік амбул­а­­торияға бекітілген. Ол Белоярка мен Шортанды ауыл­дарына да қызмет көрсетеді. 2017 жылғы УАЗ маркалы көлік жар­ты­лай тоз­ғаны рас. Сегіз жыл пай­далану кезінде екі мәрте жөн­деу жүргізіл­ді. Салдарынан көлік ұзақ уақыт­қа орташа бір аптаға тұрып қалды. Дегенмен орнына басқа машина ұсынылған. Осы жылы аталған көлік 3-4 мәрте бұзылып қосалқы бөлшектерді жеткізудің ұзақты­ғына байланыс­ты әрі жөндеу жұмы­старымен 1-2 тәулікке тоқ­тап қалған. Констан­ти­нов дәрі­гер­лік амбулатория­сына қажетті медициналық жаб­ды­ғы бар сани­тарлық автокөлікті сатып алуға осы жылдың басында же­р­гілікті бюджет есебінен об­лыс­тық Ден­саулық сақтау бас­қармасына өтінім берілген. Шақ­ыр­туларға қызмет көрсету ал­ғашқы медици­на­лық көмек дәрі­гердің қашық­тық­тан кеңес беруі арқылы жүзе­ге асырыла­ды, – дейді Арша­лы аудандық ауру­ха­насы бас дәрі­гері­нің мін­де­тін атқарушы Кен­же­­болат Бәкіров. 

Бас дәрігердің мәліметінше, науқастарға қажет жағдайда же­дел жәрдем бригадалары жақын маңдағы елді мекендерден жол­дана­ды. Сондай-ақ аурухана бас­шы­лығы алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектің де тапшылығын жоққа шығарды. 

Бас дәрігер ауылдардағы амбул­­атория­лар мен фельдшер­лік-акушерлік пунктердің тозығы жеткенін мойындады. Бірақ құ­рыл­ыс жұмыстары қаржы тапшы­лығына байланысты тек 2026 жыл­ға ғана жоспарланыпты. 

– Иә, Констстантинов амбул­аториясы сонау 1958 жылы салын­ған ғимарат. Жүз пайызға тозған. Өңір­лік инфрақұрылым­дық даму жоспарына сәйкес құры­лыс тек 2026 жылға жоспар­ланып отыр. Демеушілердің көмегімен биыл ғимараттың шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілген. Шортанды медици­на­лық пункті ғимараты 1969 жылы салынған. Бұл ғимар­ат­тың да толықтай тозғаны рас. Құрыл­ыс 2030 жылға жоспар­ла­нып отыр. Белоярка медицина­лық пункті 1988 жылы пайдалану­ға берілген. Бейімделген бұл ғи­­ма­р­­ат та қазір 100 пайызға тоз­­­ған. Құрылыс жұмыстары 2029 жылға көзделіп отыр. Деген­мен аталған ғимараттардың қа­быр­ғалары қақырап, төбелерінен су ағып жатқан жоқ, – деп толық­тыр­ды Кенжеболат Қабдөшұлы. 

Медициналық мекеме бас­шы­­лы­ғы ауыл дәрігерлері мен медициналық персоналдарының жалақы жағдайының да талапқа сай екенін айтып ақталды. Бас дәрігердің мәліметінше, Конс­тан­тинов ауруханасында штаттық кестеге сәйкес 14,5 штаттық бір­лік бар. Бір жалпы тәжірибе дәрігері, 5,75 орта медициналық персонал мен 2 мөлшерлемелі санитар және 5,5 басқа қызмет­кер­лер мөлшерлемесі бар. 

– Барлық дәрігерлер мен орта буынды және санитарлар мен жүргізушілер сияқты жұмысшы­лар штаттық кестеге сәйкес жала­қыларын алады. Тек жарты став­калы санитар мен әлеуметтік қыз­меткер күніне 4 сағаттық жұ­мыс күнімен табелденеді. Жала­қы Қазақстан Республикасы Үкі­меті­нің 2015 жылғы 31 жел­тоқ­санындағы «Мемлекеттік бюд­жет қаржысы есебінен жұмыс істейтін ұйым қызметкерлерін азаматтық қызметкерлердің ең­бек ақысын төлеу жүйесі тура­лы» қаулысына сәйкес бекітілген, – дейді бас дәрігер. 

Қалай дегенмен де ауылдағы денсаулық сақтау саласының шек­тен тыс асқынып тұрғанын аңғару қиын емес. Құзырлы ор­ган­­дар мен министрлік халықтың басты байлығы – денсаулық сақ­тау саласына, әсіресе ауылдық емдеу мекемелерінің жай-күйіне селсоқ қарау болашағымыз үшін де қауіпті екенін естен шығармаса дейміз...

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы