Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғыны тыйым салынған діни кітапты сақтағаны үшін жазаланды.
Діни кітап сақтаған азаматқа 258 мың теңге айыппұл салынды
inbusiness.kz
1,146
оқылды

Тұрар Рысқұлов ауданының сотында тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз иеленуге қатысты (ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі) әкімшілік іс қаралды, - деп жазады Aikyn.kz.

Тәртіп сақшылары бұл кітапты азаматтан сәуір айында тауып алған. Кітап Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға тыйым салынған болып шықты.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, үйінде тыйым салынған кітап сақтағанын растады.

«ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігінің санкциясы бойынша жеке тұлғаларға өнімді тәркілеп, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Сот азаматты ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танып, 258 мың теңге айыппұл салу жазасын тағайындады», - деп хабарлады соттан.

Ал аталған кітап жойылуға жіберілді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.