Даңқты боксшы мемлекеттің бергенін қанағат тұтатынын жеткізген.
Халық пен кәсіпкерлерден сыйлық алмаймын, мемлекеттің бергені жетеді – Баходир Жалолов
Фото: Olympic.uz
3,930
оқылды

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Парижден кейінгі сый-сыяпаты туралы айтқан, - деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Даңқты боксшы мемлекеттің бергенін қанағат тұтатынын жеткізген. Ал, халық пен кәсіпкерлерден сый-сыяпат алуды жөн көрмейді екен. Бұл туралы Жылқышыбай өзінің Instagram-парақшасында айтты.

«Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол «мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем елімнің абыройы үшін жеңдім» деп жауап берді. Ал, біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?» - деп сұрақ қойды журналист қазақстандық спортшыларға.

Жылқышыбайдың Жалоловпен сұхбаты интернетке әлі шыққан жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.