Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екендігін, бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам екенін айтты.
Кадр әлеуеті  –  қадір өлшемі
608
оқылды

Деңгейі биік, дәрежесі бөлек дарабоздарды  замандастары әрқашан қадір тұтады. Әлеуметтің алабөтен ыстық ықыласына бөленген азаматтардың тұғыры әрдайым берік, еңсесі қашанда биік болмақ. Кадрлар тұрақтанбай қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану болмайды. Кадр іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін жүйелендіру қажет. Оның үстіне тәжірибелі кадрлармен қатар жас, жігерлі, нарыққа бейімделген кадрлар арасында үйлесімділік саясатын жүргізген жөн. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»  атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» екендігіне айрықша тоқталды. Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін қарастыруға тиіс екендігін атап өтті.

Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екендігін, бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам екендігін айтты. 

Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өз кәсібін  жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», - деп жұмысшы мамандықтар мен кадр мәселесіне назар аудартты. «Ақыл– жастан» деген дана қазақ, «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегенді де бекер айтпаған. Дарынды, талантты, білімді жастардың идеяларын қолдап, жүзеге асыруына шынында, мүмкіндік берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. 

Бауыржан ӘЛІҚОЖА, 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ

кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.