Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады.
Жаңбыр, жел, 5 градус үсік: 17-19 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
3,227
оқылды

"Қазгидромет" РМК 17-19 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды, әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады.

Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+28°С, солтүстік-батыста +12+23°С, шығыста +5+20°С, оңтүстікте +20+30°С, елдің солтүстігінде және орталығында +10+20°С, оңтүстік-батыста +17 + 28°С.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.