АЭС-тің елдің экономикасына, халықтың әлеуметтік тұрмысына пайдасын жақ-жақты түсіндірді.
2030 жылға қарай электр энергиясын өндіру сағатына 140,5 миллиард киловаттқа дейін өседі
579
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб қазір бірнеше өңірде жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр. Халықтық штаб мүшелері «Қаражыра» АҚ ұжымымен АЭС құрылысы Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогресті ынталандырып, энергетика саласында инновациялық технологияны дамытуға ықпалы туралы кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі.

Осылайша, атом электр стансаларын салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және ІТ шешімдерді енгізуді талап ететіні туралы Абай облыстық Халықтық штаб мүшелері азаматтармен әңгімелесу өткізіп, толықтай ақпарат берді. Қазақстанда 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіру сағатына 140,5 млрд  кВт-қа дейін ұлғаяды. Дегенмен бұл халық тұтынатын энергияны өтеп бере алмайды. Сондықтан осы мәселе алдағы уақытта күн тәртібінен түспейтін маңызға ие болмақ. Бұл туралы кездесу барысында баяндаған штаб өкілдері электр тапшылығын жоюдың жалғыз жолы – атом электр стансасын салу екенін де атап айтты.

Сондай-ақ АЭС-тің елдің экономикасына, халықтың әлеуметтік тұрмысына пайдасын жақ-жақты түсіндірді.

«Басты мақсат – елде атом электр стансасын салу керегі, оның болашақта елдің энергетикасы жүйесінде үлкен пайдасы бар, жасыл энергетика саласында қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқа да осы түсіндіру жұмыстарын халыққа, ұжымдарға түсіндірудеміз. Жалпы, біздің байқағанымыз, халық арасында АЭС-тің керектігіне оң көзқарасы бар, – деді штаб мүшелері.

Айта кету керек, 6 қазан – еліміз  үшін аса маңызды күн. Көпшілікті осы саяси науқанға белсене қатысып, шешім шығаруға шақырған штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын әлі де жалғастырады.