Басқосуда облыстық штаб өкілдері жаңартылған энергия көздеріне қарағанда атом электр стансаларын пайдаланудың артықшылығы мол екенін жеткізді.
АЭС салу энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді
548
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб аймақтардағы кездесуін жалғасып жатыр. Бүгін олар А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесіп, мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету екенін түсіндірді. 

Басқосуда облыстық штаб өкілдері жаңартылған энергия көздеріне қарағанда атом электр стансаларын пайдаланудың артықшылығы мол екенін жеткізді. Олардың пайымдауынша, елімізде күн, жел және су энергетикасын дамыту үшін айтарлықтай ресурстар болғанымен, жаңартылатын энергия көздері атом электр стансаларындай тиімді бола алмайды. Өйткені олар табиғи жағдайларға тәуелді және энергияны сақтау үшін қосымша қаржы қажет етеді. 

– Қазір елімізде жаңартылатын энергия көздері мен атом электр стансаларын біріктіріп, қатар дамытуымыз керек. Осылайша, энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз ете аламыз. Ал АЭС салу елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Өйткені атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті, – деді Айгүл Дүйсенова.

Ал Нарқозы Қартжанның айтуынша, атом электр стансасының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақты  айтқанда, қоршаған ортаны таза ұстауға, заманауи технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға  ықпал етеді.