Атом электр стансасының құрылысы миллиардтаған долларлық және ұзақмерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарыққа қатысушылардың беделі өте құнды.
АЭС-ті салу үдерісін МАГАТЭ бақылайды
649
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сан түрлі сауалына жауап беріп жатыр. Теміртау Халықтық штабының мүшелері металлургия комбинатының өткізу бөлімінің ұжымымен ақпараттық кездесу өткізді. Кездесу аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі референдум бойынша түсініктемелер берілді.

6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша референдум Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр.

Кездесу барысында  Полина Ивановна  Старкова АЭС құрылысының мерзімдері және АЭС құрылысына жетекшілік ететін мекемелер жайлы сұрақ қойды. Теміртау Халықтық штабының мүшелері келіссөздер, келісімшарттар және сатып алу процестері барынша ашық болатынын түсіндіріп, мәселе бойынша түсініктеме берді. АЭС жобалау және салу кезінде техникалық қадағалауды тәуелсіз реттеуші жүзеге асырады, құрылыс МАГАТЭ бақылауымен жүргізіледі. Атом электр стансасының құрылысы миллиардтаған  долларлық және ұзақмерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарыққа қатысушылардың беделі өте құнды.

АЭС салуда қоғамның пікірі ескеріледі

Жетісудағы "ИНФРАЭНЕРГО" ЖШС-ның еңбек ұжымы  елімізде атом электр стансасын салуды қолдайды. 

"АMANAT" партиясының ұйытқы болуымен АЭС туралы Халықтық штаб құрылған болатын.

Қазір олар түрлі сала мамандарымен кездесіп, атом электр салуда қоғамның пікірі маңызды екенін жеткізіп жатыр. 

"ИНФРАЭНЕРГО" ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесу барысында Халықтық штабтың мүшелері Котельникова Лариса Леонидовна,  Бигарова Сауле Тасқынбайқызы, Ибраимов Олжас Бекдаулетұлы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді.

– «Балқаш көлінің маңында құрылыс алаңын таңдау кеңестік кезеңнен бері қарастырылып, қазір ірі халықаралық ұйымдармен бірлесіп, кеңесу арқылы жүзеге асып жатыр. Оңтүстік аймақ елдегі ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі болып саналады, бірақ сонымен бірге өзінің генерациялау қуаты бойынша тапшы болып қала береді. Алматы облысында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, бұл тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнеркәсіпті, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады», – дейді штаб мүшесі Олжас Бекдаулетұлы. 

Айта кеткен жөн, АЭС салу кезінде сейсмикалық қауіпсіздік, су қоймасының орналасуы, желілер  мәселесі міндетті түрде ескеріледі.