Спортшы "Қызық Times" бағдарламасында қонақ болды.
«Намыстандым»: Елдос Сметов Олимпиадада болған жағдай туралы айтты
1,746
оқылды

Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында ағылшын тілін білмегені үшін өкінгенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.                                                    

Спортшы бұл туралы "Қызық Times" бағдарламасында баяндады.

"Намысым келген бір жағдай болды. Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы құттықтауға келеді. Мен тек congratulations (құттықтаймын) деген сөзді түсінемін, барлығына thank you (рақмет) деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым. тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Сөйлеп жатқандарына қарап, мені мақтап жатқанын сездім", – дейді Олимпиада чемпионы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.