Халықтық штаб өкілдері әр үйге барып, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
ШҚО-да «Есіктен есікке» акциясы басталды
866
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сан түрлі сауалына жауап беріп жатыр. Ал Шығыс Қазақстан облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында АЭС-ті қолдауға арналған үгіт-насихат жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба», – дейді халықтық штаб мүшесі Александр Светаш.

Еске салар болсақ, Мемлекет басшысы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтетіндігін айтқан болатын.

Атом электр станциясы тұрақты және қауіпсіз қуат көзі. Сондықтан да тұрақты болашағымыз үшін дұрыс шешім қабылдайық!