Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері көлік сыйлап, ат мінгізді
Фото: видеодан кадр
1,178
оқылды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері сый-құрмет көрсетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметінше, Темірлан ауылының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевқа автокөлік сыйласа, облыстық дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізді.

Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.