Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті.
Қазақстан командасы футзалдан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҰОК
989
оқылды

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан құрамасы Испаниямен өткен тең ойыннан соң, Ливия құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп - 4:1. 

Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті. 

Осылайша, Қазақстан командасы 4 ұпаймен D тобында аралық бірінші орында келеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.