Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын.
Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингіде жоғарылады
Фото: Дзюдо федерациясы
919
оқылды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар. 

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. 

Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.