Халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған тізімді жариялады.
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестікке енді
1,100
оқылды

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінде ТОР-5-ке енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың жаңартылған рейтингін Халықаралық дзюдо федерациясы жариялады. 

Әлемдік рейтингтегі бірінші орында моңғолиялық дзюдошы Баасанхүү Бавуудорж тұр. Ал Әбиба Әбужақынова төртінші орында. Бесінші орында француз спортшысы Ширин Букли тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.