Қауымдастық өз мүшелерінің құқығын қорғап, спорт журналистикасындағы проблемаларды шешеді.
Қазақстанда спорт саласындағы БАҚ, блогер мен комментаторлардың жаңа қауымдастығы құрылды
Фото: gov.kz
797
оқылды

Қазақстанда спорт саласындағы БАҚ, блогерлер мен комментаторлардың жаңа қауымдастығы құрылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қауымдастық өз мүшелерінің құқығын қорғап, спорт журналистикасындағы проблемаларды шешеді.

Қауымдастықтың құрылғаны туралы Қазақстан футбол федерациясының жақында өткен медиа-комиссиясының отырысында белгілі болды. 

Басшысы белгілі комментатор және «Бірінші бол»  YouTube-жобасының резиденті Олжас Байбосын. Отырыс барысында оның орынбасарлары тағайындалды, ұйымның жаңа мүшелері ант қабылдады. 

Қауымдастықтың вице-президенті танымал комментатор Ербол Каиров болды. Ұйымның негізгі міндеті спорт журналистері мен блогерлерінің заңды құқығын қорғау.

«Біздің басты мақсатымыз спорт журналистерінің құқығын қорғау, сондай-ақ құзыретті органдарға жүгінбес бұрын проблемаларды өз ішімізде талқылау.  Бұрын біздің әріптестеріміз төмен жалақыға, қосымша ақының жоқтығына, еңбек құқықтарының бұзылуына жиі шағымданатын және өз беттерінше оны шеше алмайтын. Сондықтан біз күш біріктіріп, бірыңғай заңды ұйым құруға шешім қабылдадық», – дейді Байбосын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.