Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан полициясының өтініші бойынша Қырғыз Республикасында «Еѕтате ломбард» ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті биыл ақпан айында шекарадан өтіп, Бішкекте жасырынып жүрген.
«Қазақстандық және Қырғыз полицейлерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген Ысқақов көрші елде ұсталып, Бішкек қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына оны Қазақстанға экстрадициялауға материалдар жіберілді» делінген ресми хабарламада.
Осылайша, елден қашып кеткен барлық үш компанияның басшылары түгел қамауда. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде, полиция жалпы алғанда 17 күдіктіні ұстады. Ішкі істер органдары «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Еѕтате ломбард» ЖШС және «Выгодный займ» ЖШС-ның қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл 27 ақпанда Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Молдова Республикасының Кишинев қаласында тәртіп сақшылары «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрылтайшысы Аслан Мырзабековті ұстаған болатын. 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында «Выгодный займ» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталды.