Биыл ақпанның ортасында полиция патрулі Қаратал ауданының Бастөбе ауылында полиэтилен пакетке адамның басын салып, алып бара жатқан мопед жүргізушісін ұстады.
Жетісу облысында ер адам бастығын өлтіріп, басын пакетпен көшеде алып жүрген
Фото: Midjourney
874
оқылды

Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған 55 жастағы ер адам сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл ақпанның ортасында полиция патрулі Қаратал ауданының Бастөбе ауылында полиэтилен пакетке адамның басын салып, алып бара жатқан мопед жүргізушісін ұстады. Полицияға жеткізілген ер адам Алматының 55 жастағы тұрғыны болып шықты, ол көп ұзамай өзінің жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады.

Тергеу барысында анықталған мәлімет бойынша, ер адам мас күйде жұмыс берушісін балғамен ұрып өлтірген, ал денесін ас үй пышағымен бөлшектеп, қалалық зиратқа бөлшектеп тасуға тырысқан. Ол жалға алған үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері марқұмның денесінің қалған бөлігін тапты. Ол бірнеше пакетке салынған. Жәбірленуші 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Қыста мопедпен жүк тасыған ер адам полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған. Бұл Қаратал аудандық полиция қызметкерлерінің қырағылығы, нәтижесінде аса ауыр санатқа жататын қылмыстың ашылуына ықпал етті. Тергеу ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп, тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.