БҚО-да «Орал – есірткі­сіз қала» атты жаңа жоба таныстырылды. Бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Бірін­ші кезеңі – есірткімен кү­рес­тің қысқа мерзімі. Бұ­­­ған есірткіні тәркілеу, қыл­­мыскерді анықтау, ұс­­­тау секілді ішкі істер орган­дарының негізгі қыз­меті кіреді.
Есірткі зертханаларын әшкерелеу жұмысы күшейеді
306
оқылды

Ал есірткімен кү­рес­тің екінші кезеңіне жас ұрпақты тәрбиелеу, мек­­тептердің жұмысын жан­­дандыру, жастарға есірт­кінің зиян екенін ар­найы мамандардың кө­ме­гі­мен ұғындыру арқылы ұр­­пақты осы бір жаман әдет­­тен сақтап қалу про­цесін ұйымдастыру жатады. Жобаны таныстырған БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев есірткі бүгінде жастар арасында белең алып бара жатқанын айтып, бірнеше деректі мысалға келтірді.

Есірткімен күрес тек полиция­ның жұмысы емес. Егер бұл күрес­те тек полиция жұмыс істесе қоғам жеңіледі. Жиынға қатысқандардың негізгі ойы осыған саяды. Себебі «тәрбие басы – тал бесік» деген. 

– Бұл – тек полицияның ғана емес, барлық қоғамның бірлесе атқаратын жұмысы. Сол себепті алдын алу жұмыстарын бастауыш сыныптан бастау керек. Бірінші кезекте педагогтермен бірге есірт­кінің зияны туралы сабақтар жүр­гізіп, көрнекі ақпараттарды көр­сете отырып түсіндірген жөн. Ба­лаға ерте кезінен бастап есірткі қолданған адам денсаулығы на­шар­лап, кеміс, мүгедек бола­ты­нын, ата-ана болу қабілетінен айырылатынын, тіпті 5 жылдың ішінде қиналып өмір­ден өтетінін түсіндірсе, басқа да зиянды тұс­тарын санасына құя берсе, бұл баланың ойында қала­ды. Өкінішке қарай, бізде мектеп­терде бұл жұмыс қажетті деңгейде ұйым­дастырыл­май­тынын байқап жүр­міз. Ол аз­дай, біздің облыста жас­өспірімдер наркологы жетіс­пейді. Бізде жас­өспірімдермен жұмыс істейтін тек үш нарколог қана бар. Ал облыста 365 мектеп бар. Бұл үш нарколог кім­ге, қайда үлгереді, – деді жиын­да сөз алған БҚО ПД бастығы Ар­ман Ораза­лиев. 

«Қазір интернет желілерінде жылдам ақша табуға шақырамын» деген хабарландырулар қаптап тұр. Тәртіп сақшылары осы хабар­ландырулар жастарды құртып жа­тыр дейді. Себебі интернеттегі дәл осындай хабарландырулардың ар­тында есірткі саудасы тұрады екен. Полиция тез әрі оңай ақша табуды көздейтін жастар осы жарнама­лардың құрығына ілігіп 7-8 жылға сотталып жатыр деп отыр. 

БҚО-да есірткіге тәуелді 722 адам есепте тұр екен. Департамент бастығы Арман Оразалиевтің ай­туынша, есірткіге тәуелділердің қатарында жастар көп: басым көпшілігі – 30-дың маңайындағы адамдар. Ал есірткіге тәуелді ең жас адамның жасы 14-те. Есірткі сау­дасы Ақсай қаласы мен Орал қала­сында көп тіркеледі екен.

Есірткімен күрес дегенде көп­шіліктің көкейіне келетін сұрақ – полиция қайда қарайды, неге оларды тұтқындамайды. Бұл ретте тәртіп сақшылары жұмыс іс­теп жатқандарын айтады. Мәсе­лен, былтыр Батыс Қазақстан, Ақтөбе об­лыстарының, Алматы мен Шым­кент қалаларының 8 тұрғынынан құралған қылмыстық топ ұсталған. Олардан 1,5 тонна­дан астам «көк­нәр сабағы» тәркі­ленген. 

– Бұл дегеніңіз – 150 млн доза есірткі. Ал оның құны 14 млрд ас­там теңгені құрайды. Қылмыстық іс сотқа жолданды, – деді ПД бастығы Арман Молдиярұлы. 

Ал биыл 162 құқықбұзушылық анықталған, оның 54-і – есірткі қылмысы, соның ішінде 26 факті есірткі сату бойынша қылмыстық істер екен. Полиция үшін есірткі­мен күресте басты қиындық есірт­кі дайындайтын лабораторияларды анықтау көрінеді. Олар көбіне жасырын лабораториялар ашады. Полиция департаменті бастығы­ның сөзінше, биылдың өзінде тәр­тіп сақшылары 32 келі есірткі тәр­­­­­­кілеген. Орал қаласының 5 адамы­­­нан тұратын бір қылмыстық топты ұстаған. Олардың екеуі есірт­­кі сататын 2 интернет дүкен аш­­қан. 

– 2020 жылы Қазақстанда бірін­­ші рет синтетикалық есірткі зертханасы анықталды. Өкінішке қарай, ол біздің Теректі ауданынан та­былды. Мұнда Украина азамат­тары есірткі жасаумен айналысқан, олар 17, 18 жылға бас бостандығы­нан айыру жазасына сотталды. Көршілерінің айтуынша, сол үйдің қасынан өткір иіс шығып тұрған. Егер көршілері полицияға иісті сезген уақытта хабарласқанда, олар ертерек ұсталатын еді, – дейді об­лыстың бас полицейі Арман Мол­диярұлы. 

Арман Оразалиевтің сөзінше, есірткі дайындайтын зертхана­ларды анықтаудың екі жолы бар. Біріншіден, сол маңнан өте қатты өткір иіс шығады. Мұны байқаған адамдар дереу тиісті мекемелерге хабарласуы керек. Екіншіден, есірткі дайындайтын нысандар электр жарығы мен газдың ақша­сын көп төлейді. Полиция алдағы уақытта есірткі дайындалуы мүм­кін деген зертханаларды осы тү­бір­тек­тер арқылы да іздеуді жос­парлап отырғандарын айтады. Ол үшін іске коммуналдық меке­мелер мен саяжай бірлестіктерінің төра­ғалары жұмылдырылатын болады. 

– Биылғы 6 ай уақыт ішінде 14 есірткіні жасырушы ұсталды, оның біреуі – 10-сынып оқушысы, үшеуі – колледждің 1-2-курс студент­тері. Олардан «Мефедрон» синтетика­лық есірткі заты бар 40 ZIP-пакет тәркіленді. 1 жасөспірім 7,5 жылға бас бостан­дығынан айыру жаза­сына соттал­ды, колонияға қамал­ды. Былтыр 3 кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысы және колледж­дің 2 сту­денті 7,5 жылға бас бостан­дығынан айырылды. Бұл балалар тұрмысы жақсы отбасында тәрбие­ленген, тіпті 10-сынып оқушысы есірткіге қарсы акцияларға белсене қаты­сып жүрген, тек оның адас­қаны – өздігінен ақша табамын деп ойлаған. Бұл жерде ата-ананың және мектеп мұғалімдерінің кінәсі бар, – деді БҚО-ның бас полицейі Арман Оразалиев. 

Жиынға қатысқан қоғам бел­сенділері, ұстаздар мен нарколог, психолог мамандар есірткіге қар­сы бірлесе күресу қажет деген ой­ларын ортаға салып тарқасты. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы