Абу-Дабидегі жарыста 26 елден келген 150-ге жуық дзюдошы күш сынасады.
Grand Slam: Абу-Дабидегі турнирге қатысатын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды
Фото: ҰОК
518
оқылды

11-13 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін дзюдодан Үлкен Дулыға санатындағы турнирге қатысатын Ұлттық құрама спортшылары белгілі болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Қазақстан ерлер командасы: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов (60 кг), Әділбек Берікұлы 66 кг), Ермек Амангелді, Дархан Қойбағар (73 кг), Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев (81 кг), Әділет Сапарғалиев (100 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг);

Әйелдер: Әбиба Абужақынова (48 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Назгүл Маратова, Карина Такиева (+ 78 кг);

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Абу-Дабидегі жарыста 26 елден келген 150-ге жуық дзюдошы күш сынасады. Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.