Мажарстан астанасы Будапештте шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, алтыншы турда жерлестеріміз Әзербайжан құрамасымен кездесті.
Әйелдер сайысында қыздарымыз 9-турда турнир ТОП-3-те тұрған Польшадан (2422, № 3) 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Алуа Нұрман төртінші рет қатарынан қарсыласынан басым түсті. Бұл жеңістің ерекшелігі – Польша өкілі Алисия Сливицка бұған дейінгі турларда мүлдем ұтылмаған еді. Ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрман тең түсіп, қорытынды есептегі жеңісті сақтап қалды.
Әйелдер сайысындағы LIVE кесте (169 ел):
1️⃣🇰🇿Қазақстан - 16 ұпай
2️⃣🇮🇳Үндістан - 15 ұпай
3️⃣🇨🇳Қытай - 14 ұпай
4️⃣🇦🇲Армения - 14 ұпай
5️⃣🇵🇱Польша - 14 ұпай
Келесі турда жарыстың екінші нөмірлі командасы Грузиямен (2462, № 2) күш сынасамыз.
Ал ерлер бәсекесінде жігіттеріміз Моңғолия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов жеңіске жетсе, Денис Махнев ұпай бөлісті. Әзірше Қазақстанның ерлер құрамасы 28-сатыда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.