Қызылордалық Аққоян Ырсалиев 83 жасында Түркияда чемпион атанды
Қызылордалық Аққоян Ырсалиев 83 жасында Түркияда чемпион атанды
Фото: Интернеттен алынды
178
оқылды
Қызылорда облысы Қазалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев Анталияда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды. Халықаралық жарысқа Франция, Германия және Қазақстаннан жасы 80-нен асқан спортшылар қатысты. Жастайынан жүгіретін қызылордалық қария мыңнан астам желаяқтың арасында алтын медальді ұтып алды. Теміржол саласының ардагері Аққоян Ырсалиев жастайынан салауатты өмір салтын ұстанады. Оқушы кезінде бокспен айналысқан. Азаматтық борышын әуе-десант әскері қатарында өтеген ол парашютпен 281 рет секірген. Бүгінде қария ардагерлер арасында өтетін дойбы, шахмат, нысана көздеу, жүгіру жарыстарында жүлделі орындар алып жүр. Сондай-ақ, күн сайын таңертең жүгіріп, жаттығу жасайды. 2011 жылдан бері Алматы марафонына қатысып жүр. 2015 жылы аталмыш жарыста алтын медаль алды. Сергектікті серік еткен қария күн сайын кемінде 10 шақырым жүгіреді. Ал жарысқа барар алдында 30 шақырымға жүгіріп жаттыққан.