Қазақстанда қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа буын атом электр стансасын салу мүмкіндігі талқыланып жатыр.
АЭС құрылысы халықаралық ережеге сай салынбақ
656
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңірлерде түрлі кездесу өткізіп жатыр. Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов  Шиелі ауданына іссапары барысында  аудан ақсақалдарымен кездесті. Онда күн тәртібіндегі АЭС салу мәселесі жөнінде ой бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов атап өтті.

«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Қазіргі таңда АЭС-ті әлем пайдалануда. Біз жұмыс істеп отырған стансаларға арнайы барып көрдік. Елдің көбісінің көкейлерінде жүрген  "АЭС-ті қай мемлекет соғады?" деген сұрақ.  Бұл мәселе бойынша 6 мемлекет қатысып, 4 мемлекет арнайы сараптамадан өткен. Бізге дәл қазір АЭС салу қажет пе? Қажет емес пе? Міне, осыны Президент халыққа салып отыр»,  – деді Наурызбай Байқадамов.

Жиында АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда.  АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бірден-бір жолы», – деді ол.

Кездесуде ардагерлер толғандырған сауалдарын қойып, атом электр стансасының болашағына қатысты өз ойларын айтып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтынын білдірді.

АЭС құрылысы халықаралық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады

Мәжіліс депутаты Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов Средигорное ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауылдықтарға халық қалаулысы АЭС салу бойынша  6 қазанда өтетін референдумның маңызын түсіндірді. 

«Қазақстанда қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа буын атом электр стансасын салу мүмкіндігі талқылануда. Егер елімізде АЭС салынатын болса, нысанды салу мен пайдаланудың бүкіл процесі бүкіл өркениетті әлемде қолданылатын халықаралық қауымдастық әзірлеген ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады», – деді Лұқбек Тұмашинов.