Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өткен тәулікте елімізде 9 автокөлік өртенді
822
оқылды

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 9 автокөліктің өртін сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар Қарағанды, Қостанай, Жетісу облыстары мен Астана, Алматы және Жезқазған қалаларында орын алған. 

ТЖМ өртенген 6 жүк көлік, 5 жеңіл автомобиль, 1 комбайн мен 1 тіркемені сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Автокөлікті өрттен қорғау үшін:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.