Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі өлі табылды, – деп хабарлайды TMZ Sports-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
40 жастағы Джози Харристің мәйітін Валенсиядағы (Калифорния штаты) үйінің маңындағы көліктің ішінен тапқан.
Басылымның жазуынша, әйел адамның денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған.
[caption id="attachment_27327" align="alignleft" width="740"] Фото: Дерекөзден алынды[/caption]
Джози Харрис пен Флойд Мейвезер 1995-2010 жылдары кездескен. Екеуінің Кораун, Зайон және Джира есімді баласы бар. Үлкені 15-те.
2010 жылы боксшы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін екі ай түрмеде отырған: ол әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан.
Кейін Флойд «Джози есірткі қолданады» деп айыптаған. Боксшының әйелі жауап ретінде күйеуін сотқа беріп, жала жапқаны үшін 20 миллион доллар талап еткен.