Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 келі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.
Едіге Емберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК
2,598
оқылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырды. 

Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.  

Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 келі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.