Жоғарғы соттың судьялары сайланды
Жоғарғы соттың судьялары сайланды
Фото: Интернеттен алынды
138
оқылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Жоғарғы сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова сайланды. «Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», – деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. Судья қызметіне сайланғаннан судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.