Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Тұман түсіп, үсік жүреді: 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,465
оқылды

Синоптиктер 29 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.