Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке оралып, бейбітшілік белбеуін жартылай орта салмақта жеңіп алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
33 жастағы Риодағы Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы үш жылдық үзілістен кейін Алматыдағы бокс кешінде басты шарада өнер көрсетті. Даниярдың қарсыласы филлипиндік 29 жастағы Джо Нойнай болды.
“Алматыдағы All Stars Boxing басты жекпе-жегінде біздің отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаянды 5-раундында техникалық нокаутпен жеңді”, – делінген жазбада.
Данияр Елеусінов-бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Ол 2018 жылы кәсіби боксқа ауысты.