18 жастағы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Соня финалдық кездесуде үш сетте де ұлыбританиялық Элис Гилланнан 6:1, 5:7, 6:1 есебімен ұтты. Бұған дейін турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларынан басым түсті.
Бұл – Жиенбаеваның ересек әйелдер турындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық қыз Анталияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.