Көкталдағы өрттен 30 шақты отбасы баспанасыз қалды
Көкталдағы өрттен 30 шақты отбасы баспанасыз қалды
©Айтжан Мұрзанов
308
оқылды
Бұл ақпарат 101-ге таңғы 6-да түскен.  Өрт Ұлытау көшесіндегі ЖК "Көктал - 2"-де шыққан.  пожар Жатақхана ретінде жасалған 200 кв метрді алып жатқан екі қабатты жекеменшік үй өртенді. ешкім қаза болған жоқ.  коктал ©Айтжан МұрзановӨртті байқған тұрғындар заттарын терезеден лақтырып, өздері де сол жерден шыққан сыңайлы. терезе, өрт Ғимаратқа кіреберісте кітап, дәптер, етік, сөмке, рюзак секілді біраз дұние-мүлік шашылып жатты.  жақахана Жатақхананың бірінші қабаттағы біраз дүниені шығарып алғанымен, екінші қабаты толығымен өртеніп кеткен.  өрт Ал бірінші қабатқа кірісімен, ыстанып кеткен еденмен дәліздің соңына дейін жүріп өту - қорқынышты. коридор - Әдеттегідей, ұйықтап жатқанбыз. Түн ортасында төбемізден сықырлаған дыбыс шықты. Сол кезде көршілердің "Шығыңдар, шығындар!" деген айқайы естілді. Терезеден қызараңдаған түсті көріп, өрттің шыққанын бірден түсіндім. Әп сәтте бөлменің бәрі көктүтін болып кетті. көктал Сасқанымнан әйелімді оятып, екі баланы қолға тиген киім-кешекпен киіндіріп, далаға зытып шықтық. Алып үлгергеніміз құжаттар мен газбаллон болды, - дейді өрттен аман қалған тұрған Бауыржан Жүсіпов. комната Оның айтуынша, қазір балалары мен келіншегі бір айға тегін берілген бөлмеде екен. Үкіметтің көмегінен бас тартқан. Ал осыны пайдаланып жағдайын түзеп аламыз дегендер қазір мектепте тұрып жатыр.  мектеп "Көп түкірсе, көл болады" дегендей ел-жұрт қазір барымен көмектесіп жатыр.  width=