Қазан айы – күздің ортасы, қыс алдындағы кезеңге өту уақыты.
Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, -10 градус аяз: қазан айына ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
10,559
оқылды

"Қазгидромет" РМК қазан айына ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Қазан айы – күздің ортасы, қыс алдындағы кезеңге өту уақыты.

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі болжануда, еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерімен жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;

солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін.

Елдің қалған аумағында ауа температурасының ауытқуы болжануда:

оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы орнайды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылынады.  

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында барикалық құрылымдардың жиі алмасуымен ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда – жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде күтіледі.

Ауа температурасының ауытқуы болжануда:

батыс аймақтарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін;

оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.