30 қыркүйек күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан және Аргентина құрамалары бақ сынасты. Матч қарсылас команданың пайдасына 6:1 есебімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Dopmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака мәлімдеме жасады.
«Біз бүгін не нәрсеге лайықпыз, соны алдық. Өз деңгейімізден алыс болдық. Аргентина өте сапалы әрі мықты ойнады. Футзал деген – үш күн бұрын мықтысың, бірақ кейін… Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толық өз мойыныма аламын. Бүгінгі ойын біздің ұлттық құрамамыздың ең нашар ойыны. Жанкүйерлеріміздің берген қолдауына лайық емеспіз», – деді Кака
Өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама үздік нәтиже көрсетіп, доданы төртінші орынмен аяқтаған болатын.