Бұл қылмыстық топ кәсіпорын ішінен қымбат металл, темір ұрлаған.
«Қазақмыстағы» қылмыстық топ қылмыс үстінде ұсталды
Фото: видеодан алынды
599
оқылды

Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» кәсіпорнынан темір ұрлаған топты қылмыс үстінде қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қылмыстық топ кәсіпорын ішінен қымбат металл, темір ұрлаған.

«Топқа аталған кәсіпорынның қызметкерлері де кірген. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлап жатқанда ұсталды. Қазір олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деп жазады дереккөз.

Ішкі істер министрлігі сондай-ақ 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір қылмыстық топты ұстаған.

«Олар кәсіпкерді жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, қарумен қорқытып, ақша талап еткен. Бұдан өзге, 2018 жылы тағы бір адамды өлтіруге оқталған қылмыскерлер ұсталды. Осы айтылған фактілер бойынша жалпы 17 адам ұсталып, қамалды», – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі. 

Ұсталғандардан қару-жарақ, пышақ және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.