Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде Махмұд Сабырхан қырғызстандық Елхан Молдоғазиевті техникалық нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz msports.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Махмұд бірінші жекпе-жегінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан еді. Қырғыз Елхан Молдоғазиев те әлем чемпионына қарсы жұдырықтасуды толық аяқтай алмады. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.