Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналған балалар суициді қоғамда резонанс тудырып, статистикасы алаңдаушылыққа әкелді. Жасөспірімдердің мұндай әрекетке баруына түрлі фактор әсер етуі мүмкін. Кеше «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.
Қауіпті контентпен күресті күшейту қажет
259
оқылды

Соңғы уақытта елімізде болған балалар суицидтері бүкіл қоғамды дүр сілкіндіріп, ата-аналар мен педагогтар арасында үлкен алаңдаушылық ту­дырды. Бұл қайғылы жайттар, әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджер­лердің баланың психологиялық ден­саулығына тигізіп отырған зиянды әсерін ескерсек, мәселені шешу кезек күттірмейді.

Парламент бүгінгі таңда заңнама­лық шаралар қабылдағанына қарамас­тан, мысалы суицид туралы Қылмыстық кодексте арнайы жаңа құрамда 2 бап қабылданды, сонымен қатар суицидті насихаттауды болдырмауға Масс-медиа туралы заңда нақты реттеу механизмі енгізілді, бұдан бөлек буллингке және кибербуллингке арнайы әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілігі ен­гізілді, білім басқармаларының жаны­нан психологиялық орталықтарды құру, психологиялық қызметті жетіл­діруге байланысты нормалар қабылдан­ғанына қарамастан, аталған норма­ларды орындау деңгейі әлі де әлсіз.

Әлеуметтік желілердегі қауіпті ойын­дар, квесттер және зорлық-зом­былықты насихаттайтын контент жас­өспірімдердің санасын улап, оларды қауіпті әрекеттерге итермелеуде. Осын­дай контенттің таралуына бақы­лауды күшейту – кезек күттірмейтін мәселе деп санаймыз. 

Әлеуметтік желілердегі және мес­сенджер­лердегі негативті әсерлерге көз жұму – ұрпақ болашағына немқұрай­дылық танытумен тең. Заңнамалық қабылданған шараларды орындауды күштік органдар, әсіресе мессенд­жерлердің жасөспірімдер контентінде гигиена шараларын қатаңдатуын талап ететін уақыт келді.

Президент тапсырмасымен Парла­мент қабылдаған заңнамалық шешім­дерді орындауды мемлекеттік органдар қатаң бақылауға алуы тиіс. Әрбір ата-ана балалардың интернеттегі уақытын қатаң бақылап, зиянды контенттерден қорғалғанына көз жеткізуі тиіс. Әлеу­меттік желілерде емес, шынайы өмірде қарым-қатынас пен жетістікке жетуге үйретуі қажет.

Суицидке апаратын 15 мың сайт және сілтемелер көзі жойылғанын Бас прокурор Берік Асылов күні кеше X парақшасында мәлімдеді.

Осыған байланысты Ақпарат және мәдениет министрлігі, Бас прокура­тура және Цифрлық даму министрлігі балалар үшін қауіпті контентті анықтап, зерделеуде ведомствоаралық жауапкер­шілікті одан әрі күшейтуі қажет деп білеміз.

1. Қауіпті контентті анықтау және мониторинг жасау бойынша автомат­тандырылған жүйелерді енгізу: Бала­ларымыз  үшін зиянды контентті авто­матты түрде анықтай алатын және бұ­ғаттай алатын жаңа технологиялық шешімдер әзірлеп, қолдану қажет. Мұндай жүйелер интернеттегі қауіпті материалдарды жедел бақылап, оларды бірден жою механизмдерін қамтамасыз етуі шарт. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің әкімшілері осы заңнамалық міндеттемелерді орындауы туралы талап ететін уақыт жетті. Әлем­дік тәжірибе әлеуметтік платфор­малардың иелері қауіпті контенттің таралуын оның пайда болу сатысында-ақ тоқтата алатынын дәлелдейді. Сон­дықтан еліміздің заңнамалық мін­деттемелердің сақталуын талап етуіміз орынды. 

2. Ата-аналарды зиянды контенттің қаупі туралы ақпараттандыру үшін сапалы ақпараттық бейнероликтер әзірленуі қажет. Бұл бейнематериалдар қауіпті контентті қалай тануға болаты­нын көрнекі түрде көрсетіп қана қоймай, қауіп төнген жағдайда жедел әрекет етуге, сондай-ақ балалардың онлайн белсенділігін бақылаудың тиімді тәсілдеріне үйретуі тиіс. Мұндай роликтер ата-аналардың жауапкер­шілігін арттырудың және оларды бала­лардың цифрлық қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үдерісіне тартудың маңыз­ды құралы болады. Нәтижесінде, ата-аналар интернет қауіптерінен бала­ларды қорғауға және қауіпсіз ортада дамытуға дайын болады деп санаймыз.

3. Оқу бағдарламаларына оқушылар арасында зиянды контентті зерделеуге бағытталған цифрлық сауаттылықты дамыту компоненттерін арнайы оқу пәндерінің мазмұнында ғана емес, барлық негізгі пәндердің бағдар­ламасына енгізіп, ата-аналарға көмек болатындай тәрбие жұмысының маңызды бөлігіне айналдыру шарт. 

«AMANAT» партиясы 

фракциясының мүшелері