Өзбекстанда өтіп жатқан додада жартылай финалға жолдаманы Қазақстан мен Аргентина құрамалары сарапқа салған еді.
Қазақстан құрамасы футзалдан УЕФА рейтингінде үздік үштікке кірді
Фото: ҚФФ
987
оқылды

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәліметінше, Португалия құрамасы УЕФА рейтингінде көш бастап тұр. Үздік үштікті Испания құрамасы түйіндеген.

Қызығы мен шыжығы қоса жүрген биылғы футзал ойындарында біздің құрама өз сапарын аяқтады. Өзбекстанда өтіп жатқан додада жартылай финалға жолдаманы Қазақстан мен Аргентина құрамалары сарапқа салған еді. Тартысты ойында аргентиналық жігіттер басым түсіп, келесі кезеңге аяқ басты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.