Солтүстікқазақстандық спортшылар атом электр стансасының құрылысы бойынша референдумға белсенді қатысуда. Паралимпиадашы, 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц те өз учаскесіне барып, дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Александр дауыс беру учаскесіне жалғыз келген жоқ. Өзімен бірге 4 жасар ұлы Артёмді де ала келді, оның өзі әкесімен бірге барғысы келген. Осылайша бүлдіршін дауыс беру процесімен алғаш танысты.