Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға Алматы қаласының бокс федерациясы көлік сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шараға боксшылар мен ардагерлер қатысты. Қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Дүйсенов Назым Қызайбайға Li-6 көлігін сыйға тартып, жеке бапкері Долкун Камековке ақшалай сыйақы берді.
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлде алған болатын.
Бұған дейін боксшыға Алматы облысынан және Алматы қаласынан пәтер кілті, көлік табысталған болатын. Ал бұл спортшының бесінші көлігі болып отыр.
Боксшы өзіне сыйланған көліктерді сататынын айтқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.