Өзбекстанда өткен финалда Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесіп, есеп сары жейде кигендердің пайдасына шешілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qazsport телеарнасының мәліметінше, ойынның алғашқы голын «Семей» футзал клубының ойыншысы Феррао соқты, араға уақыт салып Рафаэль есепті еселеді. Ойын соңында Аргентина жалғыз голын соқты.
Бразилия 2:1 Аргентина
6’ Феррао (1:0)
13’ Рафаэль (2:0)
39’ Роса (2:1)
Бразилия командасы турнирдің топтық кезеңінде Куба, Хорватия, Таиланд құрамаларын жеңді. 1/8-де Коста-Риканы жеңіп, ширек финалда Марокко құрамасынан басым түсті. Ақтық сыңға шығарда оңтүстікамерикалықтар турнирдің қола жүлдегерлері Украина құрамасын минималды есеппен жеңіп, финалға жолдама алды.
Пентакампиондар осы жарыс кезеңінде 7 ойында 38 гол соғып, 6 ғана гол жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.