Биыл әлем кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.
Қазақстандық гимнастар әлем кубогында жеңімпаз атанды
955
оқылды

Мажарстанның Сомбатхей қаласында аяқталған спорттық гимнастикадан әлем кубогында Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны – 13.166. Бұл 20 жастағы Дарьяның әлем кубогындағы алғашқы жүлдесі.

Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы – 14.300.

Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.

Осымен 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары аяқталды. Биыл әлем кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.