Нұрғиса Қазақстан бойынша көру мүшесі зақымданған жастар арасындағы әлем чемпионаттарының алғашқы жүлдегері атанды.
Қазақстан параспортшысы шахматтан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: gov.kz
823
оқылды

Бангалор қаласында (Үндістан) көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші әлем чемпионаты өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жастағы елордалық Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.

«Шахматтан әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Биыл шілде айында Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медаль еншілеген болатын», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаева.

Айта кетейік, Нұрғиса Қазақстан бойынша көру мүшесі зақымданған жастар арасындағы әлем чемпионаттарының алғашқы жүлдегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.