Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді
Фото: Алматы облысы ПД
849
оқылды

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында  Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда,  – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полция департаментіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бейненің бар екені туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.