Әділет министрлігі Google-дың монополиясын бұзып, оны бөлшектеп тастамақ

Әділет министрлігі сейсенбі күні (8 қазан) кешке Google-дың монополиясын жойып, оны бірнеше бөлікке бөлуді қарастырып жатқанын хабарлады. Оның себебін біздің талдаудан білесіз.

Бүгін таңертең CNBC телеарнасы Google монополиясына қарсы үкіметтің қабылдауы мүмкін шаралар туралы хабарлады. Aikyn.kz осы материалға сүйеніп, технологиялық алпауыттың неліктен қысымға ұшырағанын түсіндіреді.

АҚШ Бас прокурорының көмекшісі Джонатан Кантер монополияға қарсы сот ісі туралы баспасөз мәслихатында. Фото CNBC сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters / Ken Cedeno

Әділет министрлігі «Google интернеттегі іздеуде артықшылыққа ие болу үшін Google-дың Chrome, Play және Android сияқты өнімдерді пайдаланатынын, мұның алдын алу үшін қандай құрылымдық шаралар қабылдайтынын» мәлімдеген. Сот орындары құқықтық шешімдер туралы айтпады, бірақ Google апелляциялық шағым түсірсе бұл процесс жылдарға созылуы мүмкін.

Сейсенбі күні (8 қазан) кешке АҚШ-тың Әділет министрлігі Google іздеу жүйесінің іскерлік тәжірибесі туралы нұсқаулық шығарды. Ресми орган мұны технологиялық алпауыттың монополиясына қарсы шара ретінде қабылдаған және компания бірнеше құрылымға бөлінетінін жеткізген.

«Монополияның алдын алу және оны шектеу» үшін қажетті шаралар келісімшарттық талаптар мен тыйымдарды, өнімге қатысты басқаларды кемсітпейтін талаптарды, деректер мен өзара әрекеттесу талаптарын және құрылымдық талаптарды қамтуы мүмкін», делінген министрлік хабарламасында.

Әділет министрлігі сондай-ақ  Google іздеуіне және Google іздеуіне қатысты өнімдер мен мүмкіндіктерге, соның ішінде жаңа кіру нүктелері мен жасанды интеллектке негізделген іздеу мүмкіндіктеріне қатысты артықшылықтарға ие болу үшін Google-дың Chrome, Play және Android сияқты өнімдерді пайдалануына жол бермейтін мінез-құлық және құрылымдық шараларды қарастыратынын айтқан. 

Google өзінің монополиясын сақтау үшін Chrome, Play және Android сияқты өнімдерді пайдаланады. Сурет sociable.co сайтынан алынды

Бұған Google компаниясының iPhone және Samsung құрылғыларымен іздеу рейтингі туралы келісімдер кіреді. Apple және Samsung бұл келісімдер бойынша  Google-ға жылына миллиардтаған доллар төлейді. Министрлік мұндай монополияны жоюдың жолы ретінде пайдаланушыларға басқа іздеу жүйелерін таңдауға мүмкіндік беретін «таңдау экранын» енгізуді ұсынуда. Бұл шаралар «Google-дың дистрибуцияны бүгінгі бақылауын» тоқтатады және «Google-дың дистрибуцияны ертең бақылай алмайтын» жағдай туғызады.

Әділет министрлігінің нұсқаулықтары тамыз айында АҚШ судьясы «Google іздеу нарығында «монополияны сақтауда» деген шешімінен кейін қабылданды. Сот Google компаниясы «Шерман заңының монополияға тыйым салатын 2-бөлімін бұзды» деп шешкен еді.

Google компаниясының жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Кент Уокер компания сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отырғанын айтқан. Және Google іздеу өнімдерінің жоғары сапасын мойындағаны сот қаулысында да айтылғанын мәлімдеген.

Әділет министрлігі сонымен қатар Google-ға өзінің іздеу индексі мен үлгілеріндегі деректерін, соның ішінде жасанды интеллект іздеу мүмкіндіктері мен жарнама рейтингі деректерін бәсекелестерімен бөлісуді ұсынған. Әділет министрлігі «Google-ға құпиялық себептері бойынша басқалармен бөлісуге болмайтын деректерді пайдалануға немесе қайта оқытуға тыйым салатын» әдістерді де қарастыруда. Бұл ұсыныстар әлі түпкілікті емес, судья Амит Мехта 2025 жылдың тамызына дейін сот шешімін шығаруды жоспарлайтындарын жариялады. Ал Google сот шешімдеріне апелляциялық шағым түсірсе, онда түпкілікті шешімдер шығару бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Google-дан біраз өзгерістер енгізу сұралады, бірақ ол монополиясын сақтап қалады. Фото tvcnews.tv сайтынан алынды

Сейсенбі күнгі өтінішке жауап ретінде Google реттеу мәселелері жөніндегі вице-президенті Ли-Энн Малхолланд Әділет министрлігінің ұсыныстарын «радикалды» деп сипаттады.

«Бұл іс іздеудің дистрибуциясына қатысты бірқатар келісімшарттарды қамтиды. Үкімет осыған назар аударудың орнына, Американың тұтынушылары, бизнесі мен бәсекеге қабілеттілігі үшін күтпеген салдарлары бар көптеген салалар мен өнімдерге әсер ететін ауқымды мақсатты көздеп отырған сияқты. Chrome немесе Android-ты бөлу оларды және басқа жұмыс істеп тұрған жүйелерді бұзады», – деп жазды Малхолланд блог жазбасында.

Кейбір заңгерлердің пікірінше, ең ықтимал нәтиже сот Google-дан Apple компаниясы сияқты кейбір эксклюзивті келісімдерді тоқтатуды сұрайды. Сот пайдаланушыларға басқа іздеу жүйелерін қолданып көруді жеңілдету үшін Google-дан біраз өзгерістер енгізуді сұрауы мүмкін. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, алпауыт жүйені бөлу ықтималдығы аз көрінеді.

АҚШ-тың тәкаппарлығы әзіл видеодан да анық байқалады: 

Екінші тоқсанда Google Search & Other 48,5 млрд доллар табыс әкелген, бұл Alphabet-тің жалпы кірісінің 57%-ы. Компания әлемдік іздеу нарығының 90% үлесіне ие.

Осы аптада басқа монополияға қарсы іс бойынша АҚШ судьясы Google-ды Android телефондарына қолданбаларды жүктеп алу үшін Google Play дүкеніне балама ұсынуға мәжбүр ететін үкім шығарды.

Қыркүйек айында судья әділет министрлігінің монополияға қарсы тағы бір істі – Google-дың жарнамалық технология бизнесіне қатысты  аяқтады. Алдағы жылдары Google-дың іздеу жүйесі қалай өзгеретінін АҚШ-тың Әділет министрлігі шешетін болады. Әлемдік іздеу жүйесін бақылап отырған компанияның тұрақты жұмыс істеуі Ақ үй билігіне қажет екенін ескерсек, онда мұндай монополияның Америка мүддесіне де сай екені анық. Яғни, монополия сақталады, бірақ сырт көзге Google іздеу жүйесі өзгерген болып көрсетіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.